17 C
Нур-Султан
16 C
Алматы
23.3 C
Шымкент
17 C
Нур-Султан
16 C
Алматы
23.3 C
Шымкент

Шымкентте бала қайтыс болғаннан кейін екі кәсіпкер қамауға алынды

Еске сала кетсек, 12 сәуір күні Қаратау ауданында жеті жасар Айдынның денесі суға толған қазылған құдықтан табылды.

Аталған аумаққа екі мердігер ұйым — «Ақ жол» ЖШС мен «Azia RC» ЖШС жауапты болған. Олар шұңқыр қазып, оны қоршамай кеткен. Енді бұл компаниялардың басшылары нысанда қауіпсіздікті қамтамасыз етпеді деген күдікке ілінді.

«Оқиға орнында ешқандай қоршау не ескерту белгілері қойылмаған. Компания басшылары ұсталып, қамауға алынды», — деп хабарлады Шымкент ПД өкілдері.

Бұл шұңқыр жайлы бәрі білген — тұрғындар да, жергілікті шенеуніктер де. Айдынға дейін де ол жерге екі бала құлаған.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар