Батыс Қазақстан облысында прокурордың араласуынан кейін педофилге әкімшілік қадағалау белгіленді.
Прокуратура жүргізген талдау барысында кәмелетке толмаған баланың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін жазасын өтеген адамға 7 жылдан астам әкімшілік қадағалау орнатылмағаны анықталды.
Осылайша, 2009 жылдың қарашасында Қаратөбе аудандық сотының үкімімен жергілікті тұрғын кәмелетке толмаған балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері үшін 8 жылға бас бостандығынан айырылды.
«Ол 2017 жылдың тамыз айында бас бостандығынан айыру орындарынан босап, бірақ оған әкімшілік бақылау орнатылмаған», — делінген прокуратураның мәлімдемесінде.
«Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкiмшiлiк қадағалау туралы» Заңның 6-бабының талаптарына сәйкес әкімшілік қадағалау алты айдан үш жылға дейінгі мерзімге, ал кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшiн жазасын өтеген адамдарға қатысты – Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 79-бабына сәйкес сотталғандық мерзімі өтелгенге дейін белгіленеді.
Аталған тұлға аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталғандықтан, оның соттылығы жазасын өтегеннен кейін сегіз жылдан кейін ғана жойылады, яғни 2025 жылдың тамызынан бұрын емес.
Қаратөбе ауданы прокуратурасының ұсынуы бойынша сотқа өтінішхат жолданып, 10.02.2025ж. жоғарыда аталған азаматқа әкімшілік қадағалау белгіленіп, құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында оған заңмен белгіленген шектеулер қойылды.