-17 C
Нур-Султан
-4.1 C
Алматы
-3.7 C
Шымкент
-17 C
Нур-Султан
-4.1 C
Алматы
-3.7 C
Шымкент

Бүгін Қаңтар оқиғасы бойынша 44 айыпталушығы үкім шығарылады

2025 жылғы 27 қаңтарда Қазақстанның қазіргі тарихындағы ең маңызды процестердің бірі – «Қаңтар» оқиғасы деп аталып кеткен қылмыстық іс бойынша сот үкімінің шығуы күтілуде.

Сот процесі 2023 жылғы 6 қыркүйекте басталды. 44 айыпталушының 25-і тергеу изоляторында (СИЗО), ал қалғандары үй қамақта.

Негізгі айыпталушылар қатарында:

Арман Жұмагелдиев («Дикий Арман») – бірқатар баптар бойынша айыпталып отырған басты фигура, Алматы қаласындағы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) тергеу изоляторында ұсталып отыр.
Руслан Искаков – ҰҚК-нің 5-басқармасының бұрынғы басшысы.
Талғат Махатов («Саныч», «Бетон») – қаржы полициясының экс-агенті.
Бұрынғы депутат және кәсіпкер Қайрат Құдайберген, журналист Бердах Бердімұрат және тағы 17 адам Қазақстан ІІМ-нің №72 түзету мекемесінде (бұрынғы СИ-18) отыр.

Сот талқылаулары барысында кейбір айыпталушыларға тағылған айыптар қайта қаралған:

Арман Жұмагелдиевке тағылған 11 баптың үшеуі алынып тасталды.
Журналист Бердімұратов пен Талғат Махатовтың оққағарларына «бандитизм» айыбы алынып тасталды.

Алғашында төрт бап бойынша айыпталған Қайрат Құдайбергенге екі бап қалдырылды. Сонымен қатар, сотта куәгерлер оның әкімдіктен және алаңда әскери қызметкерлер мен полиция қызметкерлерін құтқаруға қатысқанын растады.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар