-9 C
Нур-Султан
-2.1 C
Алматы
10.3 C
Шымкент
-9 C
Нур-Султан
-2.1 C
Алматы
10.3 C
Шымкент

ХАМАС Қызыл Крестке үш израильдік тұтқынды тапсырды

Қызыл Крест көліктері тұтқындармен бірге Газа секторының оңтүстігіндегі Хан-Юнистен шығып жатыр, деп хабарлайды Reuters тікелей эфир кадрларына сілтеме жасап.

Бостандыққа шыққандар – Александр Труфанов, Саги Декель-Хен және Яир Хорн. Олардың барлығы 2023 жылғы 7 қазанда Нир-Оз кибуцында тұтқынға алынған.

29 жастағы Александр Труфанов – Израиль және Ресей азаматы. Саги Декель-Хен – Израиль және АҚШ азаматы. Израильдік Яир Хорн тұтқынға ағасымен бірге түскен, бірақ оның ағасы әлі де тұтқында. Оның тағдыры белгісіз.

Кейін Израиль қорғаныс әскері үш тұтқынды қазір израильдік күштер алып жүргенін хабарлады.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар