-7 C
Нур-Султан
4 C
Алматы
16.3 C
Шымкент
-7 C
Нур-Султан
4 C
Алматы
16.3 C
Шымкент

Қостанай облысында жаңажылдық сырғанақты бұзу кезінде жұмысшы қаза тапты

Қостанай облысында жұмысшы 4,5 метр биіктіктен құлап, қаза тапты. Бұл туралы «Наша газета» басылымы жазды.

«13 ақпанда Қамысты аудандық әкімдігі алдындағы алаңда шамамен 4,5 метрлік жаңажылдық сырғанақты бұзу жұмыстары жүргізілді. Сағат 17:00 шамасында ағаш құрылымдарды бөлшектеу кезінде жұмысшы Олег Кизяев биіктен құлап, сол күні сағат 23:00 шамасында аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде қайтыс болды», – делінген сенбі күні таратылған хабарламада.

Оқиға фактісін аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Ермек Жұматаев растады. Нақты себептер мен оқиғаның мән-жайы анықталатын болады.

«Бізде стандартты процедура бар: адам қайтыс болған жағдайда оны анатомиялық зерттеу жүргізу үшін мәйітханаға жібереміз. Осы зерттеу аясында алынған үлгілер сот-медициналық сараптамаға жіберіледі», – деді Жұматаев.

Тексеру барысында жұмысты жүргізу кезінде қауіпсіздік техникасының бұзылған-бұзылмағаны да анықталатын болады.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар