-14 C
Нур-Султан
-1.1 C
Алматы
-1.7 C
Шымкент
-14 C
Нур-Султан
-1.1 C
Алматы
-1.7 C
Шымкент

Қарағандыда жедел жәрдемнің үш рет бас тартуынан кейін 13 жастағы оқушы қайтыс болды

Дамир Булумбаевтың анасы көмекке үміттеніп, жедел жәрдемді төрт рет шақырған.

Фельдшер баланы екі рет ауруханаға жатқызудан бас тартып, оның ауруын симуляция деп санаған. Үшінші шақыртуға мүлде жауап бермеген. Тек төртінші рет келгеннен кейін ғана баланы ауруханаға жеткізген, бірақ тым кеш болған, деп хабарлады ekaraganda.kz.

Осы оқиғадан бірнеше күн бұрын Дамир суық тиіп ауырған. Дүйсенбіде мектепке баруы керек еді, бірақ жексенбі кешінде аяқтарының балтыры қатты ауыратынын анасына айтқан.

Анасы жедел жәрдем шақырады. Келген фельдшер баланы қарап шығып, бұлшық еттің ауырсынуын психосоматика деп бағалап, қолындағы ісікке жылытқыш қоюға кеңес берген. Алайда баланың жағдайы нашарлай түскен.

«Фельдшер баланың анасын оның жағдайы ауыр емес деп сендіруге тырысты. 24 жылдық тәжірибесі бар екенін айтты. Ол тіпті Дамирдің өзіне: егер өзін бұлай ұстауын тоқтатпаса, психиатриялық бригада шақыртамын деп қорқытқан», – дейді марқұмның ағасы.

Дәрігердің кеңесі бойынша жылытқыш қойған жерінде көкшіл тамырлы дақтар пайда болған. Дәрігер мұны тамыр түйілуімен (спазм) түсіндірген.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар