Оқиға 26 қаңтар күні «Гүлдер» саябағындағы мұз айдынында болған. Жарақаттарының салдарынан қыз ауруханаға жатқызылған. Куәгерлердің айтуынша, төбелес кезінде оның қабырғалары сынған, брекеттері түсіп қалған және миы шайқалған.
Бұл оқиға бойынша Жетісу аудандық полиция басқармасы тексеру жүргізіп жатыр. Оқиғаға қатысқандар анықталып, полицияға жеткізілген.
«Кәмелетке толмаған екі қыз арасындағы жанжалға байланысты олардың ата-аналары балаларды тәрбиелеу міндеттерін тиісті деңгейде орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Өзге мән-жайлар анықталуда», – деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.