-17 C
Нур-Султан
-4.1 C
Алматы
-3.7 C
Шымкент
-17 C
Нур-Султан
-4.1 C
Алматы
-3.7 C
Шымкент

ЕО санкциясына Қазақстанның қандай компаниялары ілігуі мүмкін?

ЕО-ның санкциялар жөніндегі арнайы өкілі Дэвид О’Салливан кейбір қазақстандық компаниялар Еуроодақтың 16-шы санкциялық пакеті тізіміне енгізілуі мүмкін екенін мәлімдеді.

«Соңғы шешім әлі қабылданған жоқ. Санкциялар тек шектеулерді айналып өтуге қатысы бар екені бұлтартпас дәлелдермен дәлелденген жағдайда ғана енгізіледі», – деді ол.

Соған қарамастан, ЕО Қазақстанның санкциялық режимді сақтау жөніндегі ынтымақтастығына қанағаттанатынын және Ресейге қарсы санкциялар енгізбеу туралы шешіміне құрметпен қарайтынын атап өтті.

«Біз Қазақстаннан санкция енгізуді талап етпейміз және заңды саудаға араласпаймыз. Дегенмен, кейбір компаниялар Қазақстанды шектеулерді айналып өту үшін пайдаланып, ЕО-дан келген тауарларды, әсіресе қару-жарақ өндірісінде қолданылатын жоғары технологиялық өнімдерді Ресейге қайта сатуы мүмкін», – деп атап өтті О’Салливан.

Оның айтуынша, Украинадағы соғыс басталғаннан кейін екі қазақстандық компания санкцияға іліккен. Сол кезде нарықта біркүндік жалған компаниялар пайда бола бастаған.

«Біз мұндай фирмалардың қызметін талдаймыз: егер компания 2022 жылға дейін белсенді болмаған, бірақ санкциялар енгізілгеннен кейін күрт нарыққа шыққан болса, бұл тексеруге себеп болады. Сондай-ақ, біз сауда байланыстарын, жеткізілім тарихын зерттейміз және жүйелі шешімдер табуға тырысамыз. Бірақ басқа амал қалмаса – компаниялар санкциялық тізімге енеді», – деп түсіндірді ол.

Мысалы, Жапонияның санкциясына да қазақстандық компаниялардың бірі түскен.

Ал тағы бір қазақстандық компания Ресей зымырандарын жасауға қажетті қышқыл жеткізуге көмектескен.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар