Израиль мен палестиналық ХАМАС қозғалысы 2023 жылдың қазан айынан бері жалғасып келе жатқан Газа секторындағы әскери әрекеттерді тоқтату туралы келісімге қол жеткізді. Бұл туралы BBC хабарлады. Сонымен қатар, ХАМАС бірқатар израильдік тұтқындарды босатуға келіскенін мәлімдеді.
Дереккөздің айтуынша, келіссөздер Катардың араағайындығымен жүргізілген. Бұл елдің премьер-министрі ХАМАС өкілдерімен және Израиль шенеуніктерімен жеке кездесулер өткізген. Алайда, қол жеткізілген келісімдерге қарамастан, Израиль үкіметі келісім шарттарын әлі мақұлдамаған. ХАМАС өкілі өз тарапынан ұсынылған шарттарды қабылдағанын растады.
Келісімнің егжей-тегжейі, оның ішінде атысты тоқтату нақты қашан басталатыны әзірге жарияланған жоқ. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, атысты тоқтатудың алғашқы кезеңі алты аптаға жоспарланған. Осы уақыт аралығында Израиль әскері Газа секторынан біртіндеп шығарылып, тараптар тұтқындар алмасады: палестиналық тұтқындардың бір бөлігі израильдік тұтқындарға айырбасталады.