Қырғызстандық музыкант Викрам Рузаханов 26 қыркүйекте ҚР Сыбайлас жерқорлыққа қарсы қызметтің шақыртуымен Алматыға келген. Ол тергеу іс-шараларына жәбірленуші ретінде қатысуда. Ол инстаграмм парақшасында өзін соққыға жыққан онға жуық полиция қызметкерін суреттерінен таныдым деп мәлімдеді.
«алматы облысы полиция департаментінде істейтін 348 қызметкердің суретін көрсетті. Он шақтысын таныдым. мен қамауда отырған обьект қайта жасақталыпты. Оған қарамастан өзім отырған камераны көрсеттім»