Зеленскиймен күнара телефон арқылы сөйлесіп жүрген  Борис Джонсон Ұлыбритания Украинаның қорғанысын күшейту үшін 25 млн фунт қаржылай көмек беретін мәлімдеді. Бұдан бөлек, жақын арада 6 мың ракета жеткізілетінін хабарлады.

Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский бір айға жуықтаған соғысты тоқтату үшін САКҰ мен ЕО-дан Ресейге қарсы санкцияларды барынша күшейтуді, Украинаны жан-жақты қолдауды сұраған еді.