-15 C
Нур-Султан
-3.1 C
Алматы
5.3 C
Шымкент
-15 C
Нур-Султан
-3.1 C
Алматы
5.3 C
Шымкент

Президент Берік Уәлиді Абай облысының әкімі етіп тағайындады

Мемлекет басшысының жарлығымен Берік Уәли Абай облысының жаңа әкімі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған қызметінен босатылды.

Президенттің кеңесшісі және баспасөз хатшысы Берік Уәли Абай облысының әкімі қызметіне келді. Тиісті жарлықты дүйсенбі күні Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

Ол 1977 жылы туған.

Т. Жүргенов институтында «Кинотану» мамандығын бітірген.

1997 «Таң» телекомпаниясында «Алматы жаңалықтары» ақпараттық бағдарламасының тілшісі;

НТК телеарнасындағы «Жаңалықтар» ақпараттық бағдарламасының редакторы;

2000-2007 жылдары «31 каналда «Информбюро» ақпараттық бағдарламасының бас редакторы, жүргізушісі;

2009-2012 жылдары «Нұр Медиа» ЖШС Жемқорлыққа қарсы медиа орталығының басшысы;

2012-2015 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппарат басшысының орынбасары, баспасөз қызметінің жетекшісі;

2015 ж.«Нұр Отан» партиясы Төрағасы бірінші орынбасарының кеңесшісі;

2016-2018 жылдары Инвестициялар және даму министрінің кеңесшісі, Ақпараттық қамтамасыз ету департаментінің директоры;

2018-2019 жылдары Жамбыл облысы әкімдігі Ішкі саясат басқармасының басшысы;

2019-2022 жылы Президенттің Баспасөз хатшысы;

2022-2023 жылдары «Хабар» Агенттігі» басшысы;

2023 жылдан бастап Президент Кеңесшісі – Баспасөз хатшысы болған.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар