Ішкі істер министрлігі мәжіліс депутаты Қарақат Әбденнің сотталған әйелдерге амнистия жариялау туралы ұсынысын мақұлдады.
29 қаңтарда депутаттар ішкі істер министрі Ерлан Төрегелдіұлы Сәденовке Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына (30 тамыз) орай сотталған әйелдерге амнистия жариялауды ұсынды.
ІІМ тек кейбір сотталған әйелдерді босатуға келісіп қана қоймай, бұл қазына қаржысын үнемдеуге де септігін тигізетінін түсіндірді.
«Бұл амнистия бюджет қаражатын күн сайын шамамен алты миллион теңгеге дейін үнемдеуге мүмкіндік береді (бір сотталған адамға күнделікті шығын – 2900 теңге, яғни жылына 2,1 миллиард теңге). Бастама мемлекеттің әлеуметтік саясатының гуманизмін, әйелдерді бейімдеуге деген назарын көрсетеді. Сондай-ақ амнистия отбасылық құндылықтарды нығайтуға, балалардың құқықтарын сақтауға көмектеседі, мемлекеттік шығындарды оңтайландырып, түзеу мекемелеріндегі жүктемені азайту арқылы сотталғандардың жағдайын жақсартуға ықпал етеді», – деп түсіндірді ведомство.