-15 C
Нур-Султан
-3.1 C
Алматы
5.3 C
Шымкент
-15 C
Нур-Султан
-3.1 C
Алматы
5.3 C
Шымкент

Антикор тасымалдаушыларға тарақандар мен лас вагондар үшін ескерту жасады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Ұлан Сарқұлов Қазақстандағы жолаушылар пойыздарының санитарлық жағдайын сынға алып, тасымалдаушылар жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін ескертті.

«Жалпы, қызмет көрсету де көңіл көншітпейді. Санитарлық тораптар, тарақандар және тағы басқа мәселелер бар. Өкінішке қарай, мұның бәрі біздің баспасөзде жазылып жүр», – деді Сарқұлов Мәжіліс кулуарында.

Қазіргі уақытта Қазақстанда 14 теміржол тасымалдаушысы жұмыс істейді, оның 13-і – жекеменшік, ал біреуі «ҚТЖ» құрамына кіреді. Мемлекеттік қаржыландыруға қарамастан, вагондардың жағдайы сын көтермейді.

«Бұл мәселені Көлік министрлігі алдында 2024 жылдың қазан айынан бері көтеріп келеміз. Алайда, өкінішке қарай, әлі шешімін тапқан жоқ. Біз хат жаздық, жиналыстар ұйымдастырдық. Жақында тағы жауап келді. Кезекті жиын жоспарланып отыр, бірақ мәселе шешілмей келеді», – деп өкініш білдірді Сарқұлов.

Антикор бақылауды күшейтіп, заң бұзушылықтар анықталған жағдайда тасымалдаушыларды жауапқа тартуға дайын.

«Соңғы мысалдардың бірі – Маңғыстау–Орал және Астана–Қостанай бағыттары. Бұл пойыздарды мемлекеттік субсидия бөлінетін жекеменшік компаниялар басқарады. Егер қаржы бөлініп отырса, ең болмаса, вагондар мен қызмет сапасына қойылатын минималды талаптар сақталуы керек», – деп атап өтті ол.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар