21 C
Нур-Султан
22 C
Алматы
26.3 C
Шымкент
21 C
Нур-Султан
22 C
Алматы
26.3 C
Шымкент

САЙЛАУ ӘДІЛ ӨТСЕ, ХАЛЫҚТЫҢ БОЛАШАҚҚА ДЕГЕН СЕНІМІ ОРНАЙДЫ

Ұлықпан Сыдықов,

профессор, «Дос-Мұқасан» тобының мүшесі:

«Бүкіл адамзат өмірінде, әлемде күрделі, сан қилы, қым қиғаш қайшылыққа толы процестер жүріп жатыр. Әсіресе, мынау Ресей мен Украина арасындағы қақтығыс бізді де қатты алаңдатып отыр. Орыстардың жапатармағай  әртүрлі себептермен біздің елге келуі де оңай емес. Оның бәрін бір жақты қабылдауға да болмайды. Екіншіден, қаңтардағы жағдайдан бері ескі күштер биліктен әлі толық тарқамады. Сондықтан қазір халыққа үлкен серпіліс керек. Соның арқасында жұрт үлкен сеніммен болашаққа қадам баса алады. Осы тұрғыдан алғанда, Президенттің мезгілден тыс қойған сайлауы өте орынды және уақытылы. Себебі, халықты жұмылдыруға, белсенділігін арттыруға, алда не күтіп тұрғаны анық болуы үшін сайлау өтіп, ел басқарар басшыны таңдауымыз керек. Халықты өзі сайлаған президенті бастайтын болса, оның маңайына шынайы ұлттың жанашыр топтары жиналады. Ендігі мәселе – сайлаудың дұрыс өтуі. Халық сеніп, үміткерге дауыс беруі керек. Осы тұрғыдан алғанда, Президенттің бастаған реформаларын аяқтауына мүмкіндік берген дұрыс».

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар