-1.7 C
Нур-Султан
8.5 C
Алматы
16 C
Шымкент
-1.7 C
Нур-Султан
8.5 C
Алматы
16 C
Шымкент

Мәскеуде адам өлтіргені үшін іздеуде жүрген азамат Түркістан облысында ұсталды

Мәскеудегі адам өлтіру ісі бойынша іздеуде жүрген азамат Түркістан облысында ұсталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Түркістан облысында мемлекеттік шекараны кесіп өтпек болған 42 жастағы азамат ұсталды. Ол Мәскеу тұрғынын өлтіргені үшін Ресей құқық қорғау органдары тарапынан іздеуде жүрген. Сондай-ақ Жамбыл облысында 2014 жылы Тәжікстан полициясы 72 келіден астам гашиш тәркілеген шетелдік азамат ұсталды», — деп хабарлады жұма күні ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.

Ведомствоның мәліметінше, соңғы екі айда Қазақстан полициясы ТМД және алыс шетелдер үшін 85 қылмыскерді ұстаған.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар