-1.7 C
Нур-Султан
8.5 C
Алматы
16 C
Шымкент
-1.7 C
Нур-Султан
8.5 C
Алматы
16 C
Шымкент

Есірткі таратқан ҚТЖ қызметкері ұсталды

Павлодар облысында есірткі таратқан ҚТЖ қызметкері ұсталды. Бұл туралы ІІМ интернет ресурсы хабарлады.

Үйлестіру кезінде Павлодар облысы ПД ҰҚҚКБ қызметкерлерімен жедел-іздестіру кешенін өткізу барысында есірткі өткізумен айналысқан қаланың екі тұрғыны ұсталған.
Ұсталғандардың бірі белсенді екені анықталды, ол «ҚТЖ — Жүк тасымалы» ЖШС қызметкері өзімен бірге достарына есірткі таратты. Тінту іс шараларын жүргізу барысында шамамен 700 грамм есірткі тәркіленді, зергерлік электрондық таразы, электрошокер, пневматикалық мылтық, 2 мылтық және оқ-дәрі тартып алынды.

— Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің екі бабы бойынша есірткіні мақсатты дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау есірткі құралдарын, психотроптық заттарды өткізу, жіберу немесе сату, сондай-ақ заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау үшін, қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды тасымалдау және жарылғыш құрылғыларды алып жүру бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Күдіктілер қамауға алынды, — дейді Павлодар облысы полиция департаменті.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар