-12 C
Нур-Султан
-3.1 C
Алматы
-3.7 C
Шымкент
-12 C
Нур-Султан
-3.1 C
Алматы
-3.7 C
Шымкент

Павлодарда балалар футбол клубының менеджері өмір бойына сотталды

Сот ер адамды кәмелетке толмаған қызға қатысты сексуалдық зорлық-зомбылық жасағаны және психотроптық заттарды пайдалануға итермелегені үшін кінәлі деп тапты. Үкім жарияланғаннан кейін ол сот залында жылап жіберді.

Егер үкімге шағым жасалмаса, 31 жастағы сотталған азамат өмір бойына ең жоғары қауіпсіздік деңгейіндегі түзеу мекемесінде жазасын өтейді.

Сот жабық режимде өтті, бірақ үкім шығарылған сәтке журналистерге кіруге рұқсат берілді. Айыпталушы кінәсін мойындағанымен, оның қорғаушысы «кәмелетке толмағанды азғындау» бабы бойынша қарауды талап етті. Алайда сот барысында зорлық-зомбылықтың болғаны дәлелденді.

Тергеу мәліметтері бойынша, өткен жылдың 1 қыркүйегінде ер адам 2013 жылы туған қызды қала қонақүйлерінің біріне апарған. Қызды қарындасы ретінде таныстырып, бөлме жалдаған. Онда ер адам қыздың жыныстық мүшелеріне қол тигізіп, аузына қолын басқан. Сондай-ақ, оның мұрнына психотроптық затты түтікше арқылы сеуіп, есінен тандырған. Кейін қызды үйіне апарып тастаған.

Айыпталушы барлық әрекеттерді есірткі әсерімен жасағанын және болған жағдайды есіне түсіре алмайтынын айтты.

Сот шешімі бойынша ол зардап шеккен отбасыға 3 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы төлеуі тиіс. Ер адам өзі де кішкентай баланың әкесі.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар