9 C
Нур-Султан
15 C
Алматы
18.3 C
Шымкент
9 C
Нур-Султан
15 C
Алматы
18.3 C
Шымкент

Су тасқыны: Ақмола облысында жолдың жабылғанын елемеген көлік жүргізушісі суға батып кетті

Көлікте үш адам болған. Полицейлер мен құтқарушылар жолаушыларды судан шығарып алды.

Жол талғамайтын көліктің иесі Ақмола облысындағы жолдың жабылғаны туралы ақпаратты елемей, су басқан бөліктен өтіп кетпек болған.

«5 сәуір күні Астана — Атбасар — Жақсы — Рузаевка — Сарыкөл — Қостанай — РФ шекарасы бағытындағы автожолдың 963-шақырымында полиция бекеті қойылғанына қарамастан, жүргізуші жолдың жабық бөлігін айналып өтпек болды. Нәтижесінде көлікті су ағызып әкетті, кейін ол су астына кеткен», — деп хабарлады ҚР ТЖМ.

Құтқарылған жолаушыларға медициналық көмек көрсетілді, олар қатты тоңып қалған. Жүргізушінің мәйіті тек түнде табылды. Ол – Астана қаласының тұрғыны екені белгілі болды.

«Полиция мен төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері азаматтарға қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтап, тасқын қаупі бар жол бөліктерінен шектеу қойылған кезде өтпеуге шақырады», — деп толықтырды ведомство.

Бұған дейін «Орда» Қазақстанда неге көктем сайын су басатынын және елді су басудан сақтау үшін қанша су қоймасы қажет екенін талдаған болатын.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар