13 C
Нур-Султан
13 C
Алматы
20.3 C
Шымкент
13 C
Нур-Султан
13 C
Алматы
20.3 C
Шымкент

Атырауда қоқыс толы пәтерден ер адамның шіріп кеткен денесі табылды

Атырауда көпқабатты үйлердің бірінде көршілер сасық иіске шағымданды. Оны іздеу нәтижесінде пәтерлердің бірінен 60 жастағы ер адамның денесі табылды. Марқұмның бірнеше күн бұрын қайтыс болғаны белгілі болды. Бұл туралы Atyrau online телеграм арнасы хабарлады.

Оқиға орнынан түсірілген видео жариялады. Кадрларға қарағанда, мәйіт табылған пәтердің іші қоқысқа толып кеткен. Көршілері зейнеткердің үйіндегі қоқыстарды жылдар бойы жинап келгенін айтып отыр. Ол қайтыс болғаннан кейін кіреберісте жағымсыз иіс пайда болды.

Сасық иістің кесірінен ғимарат тұрғындары өз денсаулығы мен балаларының денсаулығына қауіптене бастады. Жергілікті тұрғындар пәтердегі қоқысты шығару үшін жұмысшылар жалдады, бірақ оның өзі жағымсыз иістен арылуға көмектеспеді.

«Балаларымыздың денсаулығы үшін қорқамыз, иісі кетпейді, дезинфекция жүргізілсе екен деп сұраймыз», — дейді Атырау тұрғыны Болған Жидекбай.

Әкімдік СЭС-ке хат дайындап жатқанын, проблемалық пәтер дезинфекциялық құралдармен өңделетінін айтты.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар