16 C
Нур-Султан
17 C
Алматы
27.3 C
Шымкент
16 C
Нур-Султан
17 C
Алматы
27.3 C
Шымкент

Шенеунікке 90 млн теңге пара берген адам 10 жылға сотталды

Жамбыл облысында лауазымды шенеунікке 90 млн теңге пара бергендер 10 жылға сотталып кетті.

Облыстық соттың мәліметінше, 2024 жылғы наурызда сағат 01:30 шамасында сотталушылар М. және Т. «Тараз қаласының қаржы бөлімі» КММ басшысы – У.А.С.-қа (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бақылауымен) сот үкімі бойынша жойылуға жататын 2 мың қорап (1 млн қорап темекінің баламасы) мөлшерінде темекі өнімін алғаны үшін «Қаржы бөлімі» КММ статист – азамат К. арқылы, делдал – сотталушы У.-ның (Жамбыл облысы бойынша МКД бас маманы) қатысуымен, 90,2 млн теңге мөлшерінде пара сомасын берді.

«У.А.С. және К. сотталушылар жасаған іс-әрекеттердің заңсыздығын түсініп, Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке аса ірі мөлшерде пара беру фактісі бойынша арызбен жүгінді. Осылайша, сотталушылар М. және Т.-ның қылмысы оларға байланысты емес мән-жайлар бойынша соңына дейін жеткізілген жоқ.

Сот сотталушылар М. және Т.-нің әрекеттеріндегі ауырлататын мән-жайлар ретінде қылмыс жасаудағы ерекше белсенді рөлдерін, ал У.-дың іс-әрекетінде – ол қабылдаған антын бұзуын таныды.

Сот үкімімен сот сотталушыларға белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, М.-ға – 10 жыл, Т.-ға – 9 жыл және У.-ға 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Т.-ға жаза тағайындау барысында оның егде жасы мен денсаулық жағдайы ескерілді. Сондай-ақ, сотталушылар Т. және У. сот залынан күзетке алынды. Үкім заңды күшіне енген жоқ», — делінген хабарламада.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар