Қайғылы жағдай 30 сәуір күні Орал қаласында орын алды. Балалар футбол ойнап жүргенде, доп сымдарға ілініп қалған. Сол кезде балалардың бірі электр қосалқы стансасының төбесіне шығып, тоққа түскен.
БАҚ мәліметінше, бала төртінші дәрежелі күйік алған, денесінің 95 пайызы күйіп кеткен. Оған өкпені жасанды желдету аппараты қосылған болатын. Бүгін баланың қайтыс болғаны белгілі болды.
Полиция тергеуді бастады. Қылмыстық іс қозғалды.