-3 C
Нур-Султан
-1.1 C
Алматы
-2.7 C
Шымкент
-3 C
Нур-Султан
-1.1 C
Алматы
-2.7 C
Шымкент

Былтыр тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін 85 бұзақы сотталған

2024 жылғы 15 маусымнан бастап отбасы-тұрмыстық қатынастар бойынша құқықбұзушылық жасағаны үшін жауапкершілік күшейтілді. Бұл туралы прокуратура хабарлады.

Енді қинау үшін (ҚК 110-бабы) бас бостандығынан айыру жазасы көзделген, ал денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру (ҚК 108-1 бабы) және ұрып-соғу (ҚК 109-1 бабы) әрекеттері қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.

«Өткен жылы осы санаттағы істер бойынша 85 отбасылық бұзақы сотталды. Мысалы, 7 жыл бойы әйеліне тән зардабы мен психикалық зардап шегуге ұшыратып, қинағаны үшін ер адам 1 жылға бас бостандығынан айырылды», — делінген хабарламада.

Басқа жағдайда, құқықбұзушы қорғау нұсқамасын және тыйым салуды елемей, таныс қызын 5 жылдан астам уақыт бойы қудалаған. Прокурормен оның жүйелі түрде жәбірленушінің үйіне келіп, жанжал шығарып, отбасын қорқытып, ұрып-соққаны жөнінде дәлелдер келтірілді.

Аталған әрекеттері үшін құқықбұзушы 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Астана қаласының прокуратурасы қол жұмсаумен тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін қылмыстық жауаптылық туралы ескертеді.

 

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар