-6 C
Нур-Султан
-0.1 C
Алматы
14.3 C
Шымкент
-6 C
Нур-Султан
-0.1 C
Алматы
14.3 C
Шымкент

Путин Курск облысына келді

Ресей президенті Владимир Путин кеше кешкісін Курск облысындағы бір командалық пунктке барды. Сапар кадрларын ресейлік мемлекеттік БАҚ жариялады.

БАҚ мәліметінше, ресейлік лидер Украина әскерлері басып кіргеннен кейін (2023 жылғы тамызда) бұл өңірге алғаш рет келген.

Кремль жариялаған кадрларда Путин әскери формада командалық пунктке кіріп, оны Ресей Қарулы Күштері Бас штабының бастығы Валерий Герасимов қарсы алғаны көрсетілген. Президент Герасимовтың баяндамасын тыңдап, курск топтамасын басқару мәселелері бойынша кеңес өткізген.

Герасимовтың айтуынша, қазіргі уақытта ресейлік әскерлер Украина күштері бақылауындағы аумақтың 86%-дан астамын бақылауда ұстап отыр. Баяндамада бес күн ішінде ресейлік армия 24 елді мекен мен шамамен 260 шаршы километр аумақты бақылауына алғаны айтылды.

«Мен біздің бөлімшелердің алдына қойылған барлық әскери міндеттер орындалады және Курск облысының аумағы жақын арада қарсыластан толық азат етіледі деп үміттенемін», — деді Путин.

Сондай-ақ ол мемлекеттік шекара бойында «қауіпсіздік аймағын» құру туралы айтты.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар