-0 C
Нур-Султан
5 C
Алматы
3.3 C
Шымкент
-0 C
Нур-Султан
5 C
Алматы
3.3 C
Шымкент

Алматыдағы ұшақ апатына үш жағдай әсер етуі мүмкін

Алматыдағы ұшақ апатына қатысты мамандар болжам айта бастады. Авиация саласының өкілі төтенше жағдайға әсер еткен үш себепті атады, деп хабарлайды «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап, odemokratka.kz 

 

Алматыдағы ұшақ апатына үш жағдай әсер етуі мүмкін. Бұл ұшқыш-нұсқаушы Андрей Будниковтың пікірі.
Авиация саласының маманы әскери ұшақ апатының ықтимал себептерін атады. Комиссия әдетте үш нұсқаны қарастыратын көрінеді.
«Бұл ұшақ өте сенімді еді. Қазір апаттың дәл себебін айту қиын. Арнайы комиссия мұны анықтай жатар. Үш жағдайда ғана апат болуы мүмкін. Олар әуе кемесінің техникалық жағынан дұрыс болмауы, ауа райының қолайсыздығы немесе экипаждың қателік жасауынан болуы мүмкін»,- дейді ұшқыш-нұсқаушы Андрей Будников.
Сондай-ақ ҚазТАГ диспетчерлердің өзара сөйлескен аудиосын жариялады.

 

Ұлттық Қауіпсіздік комитеті әскери ұшақ апатының себептері анықталып жатқанын хабарлады.
Естеріңізге сала кетейік, 13 наурызда 17.22-де Ан-26 ұшағының апатқа ұшырады. Төтенше жағдайға байланысты Алматы әуежайы жабық.
ҰҚК әскери ұшағында қаза болғандардың отбасына мемлекет басшысы көңіл айтты.
Кейін Алматы әуежайы маңында апатқа ұшыраған Ан-26 ұшақ бортында болған әскерилердің есімі аталды.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар