-17 C
Нур-Султан
-12.1 C
Алматы
-11.7 C
Шымкент
-17 C
Нур-Султан
-12.1 C
Алматы
-11.7 C
Шымкент

Оралдағы әкімшілік сот Ресей азаматтарын Қазақстаннан шығару туралы шешім қабылдады

Оралдағы түнгі клубта төбелес шығарған Ресей азаматтарының барлығы жақын күндері Қазақстаннан шығарылатын болды.  Қалалық  соттың шешімі Ішкі істер минисрлігінің ресми телеграмм парақшасында хабарланды.

«Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік соты «шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» қазақстан республикасы заңының 28-бабының негізінде ҚР заңнамасын бұзғаны үшін оқиғаның барлық қатысушыларын республика аумағынан шығару туралы шешім қабылданды».

Естеріңізде болса, 30-шы қыркүйекте Ресей Федерациясының азаматтары Оралдағы түнгі клубтың жанында төбелес  ұйымдастырған. Барлығы полицияға жеткізіліп,   «ұсақ  бұзушылық», «Қоғамдық орындарға алкогольдік масаң күйде келу» және «Тыныштық бұзу» баптары бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылған. 1992 және 1995 жылғы екі азамат бес тәулікке қамауға алынды.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар