-0 C
Нур-Султан
5 C
Алматы
3.3 C
Шымкент
-0 C
Нур-Султан
5 C
Алматы
3.3 C
Шымкент

Қамқорлық көрсетуді ұмытпаған игі

Тілектес Мейрамов, актер:

«Ең бастысы, кез келген жағдайда жан-жағымызға адамгершілік тұрғысынан қарау қажет. Елімізге келіп жатқан ресейліктер еріккенінен жүрген жоқ, олардың хәлін түсінуге болады. Қақтығыстардың кесірінен амалсыз осылай жүруге мәжбүр болды, өз өмірлері үшін алаңдайды. Қамқорлық көрсетіп жатқандардың ісі орынды. Заңнан асып ештеңе дей алмаймыз, мемлекет ұстанымына қарсы шықпаған дұрыс. Ресейліктердің елімізге келіп, 3 ай бойы емін-еркін жүруіне мүмкіндіктері бар. Осы аралықта қауіпсіз жүргені абзал. Ежелден өзгеге мейірбан, қонақжай елміз, көршіміздің ауыртпалыққа кез болғанында болысқанымыз жөн-ақ. Бұл мәселеде ел-жұрт не бір арандатуға ілеспей, аса сақтықпен, сабырмен және ақылмен қарауы тиіс. Әйтпесе, арандатушылар түрлі даудың тууына себепші болады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың осыны ескертуі бекер емес. Аталған тұста мемлекеттік органдар да өз жауапкершілігін сезіне білгені абзал. Өз азаматтарымыздың да, келушілердің де қауіпсіздігіне баса мән беріп, тәртіпті мұқият қадағалағаны дұрыс деп білем. Сондай-ақ, қиындықпен келгендерге қамқорлық көрсетуді де ұмытпаған игі. Еңсесі биік, тұрақты қоғамы, мәдениеті қалыптасқан елміз. Өзгенің бір ауыртпалығында меселін қайтармай, демеп жібергеніміз құптарлық».

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар