-0 C
Нур-Султан
5 C
Алматы
3.3 C
Шымкент
-0 C
Нур-Султан
5 C
Алматы
3.3 C
Шымкент

Ресейліктерді шекарадан заңсыз тасымалдаған оралдық таксистер жазаланады

Ресей азаматтарын шекарадан заңсыз  тасымалдайтын көлік жүргізушілері мен мигранттарға үйлерін заңсыз жалға беретіндер бұдан былай жауапқа тартылуы мүмкін. Бақылаушы органдардың айтуы бойынша осы күнге дейін жүздеген тәртіп бұзушылардың іс материалдары сотқа жіберіліпті. Олардың 70-ке жуығы әкімшілік жауапкершілікке тартылайын деп отыр. Ал салық төлемеген үй иелері қырық бес мың теңге көлемінде айыппұл төлейді.

Оралда да, Қазақстанның бірнеше қалаларындағы қымбатшылық орын алған. Яғни, үйді жалға беру бағасы екі есеге, таксимен жүру бағасы он есеге өскен. Мемлекеттік органдардың мәліметіне сенсек, соңғы он күнде Батыс Қазақстан облысына Ресей Федерациясынан 50 мың азамат келіпті.

 

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар