-0 C
Нур-Султан
5 C
Алматы
7.3 C
Шымкент
-0 C
Нур-Султан
5 C
Алматы
7.3 C
Шымкент

Ел ағаларының көздегені – халықтың қалауын орындау

Арман Жүдебаев,

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваторияның ректоры:

Соңғы уақытта кезектен тыс Президент сайлауын өткізу, оны (президент өкілеттігін) 7 жылдық бір мерзіммен шектеу туралы шешімге қатысты әртүрлі пікірлер айтылып жатыр. Меніңше, бұл – дұрыс шешім. Бұл шешімді Президенттің жеке қабылдамағаны белгілі. Бұған «Жаңа Қазақстан» құру бағытында жасалып жатқан қадамы деп баға бергеніміз жөн.

Ең әуелі ел ағаларының көздегені – халық қалауын орындау. Өйткені қазіргідей аумалы-төкпелі уақытта көпке созбай таза бәсекемен сайлау өткізгені жөн болар. Екіншіден, осы сәтті ұтымды пайдаланса, басқару жүйесіндегі түбегейлі реформаларды тез арада жүзеге асыруға үлкен мүмкіндік. Қайткенде де, бұл шешімнің зияны жоқ. Керісінше, ұтымды тұстары баршылық деп есептеймін.

Әрине, Қасым-Жомарт Кемелұлының сайлауға қатысатыны мәлім, бірақ нәтиже қалай болатыны белгісіз. Халық өз таңдауын жасар, уақытында көрерміз. Әзірге Президентіміздің елімізге түбегейлі өзгерістер жасап, мемлекетімізді жақсы жетістіктерге, табыстарға жетелей алатынына сенемін. Еліміздің болашағына үмітім зор.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар