25 C
Нур-Султан
33 C
Алматы
35.3 C
Шымкент
25 C
Нур-Султан
33 C
Алматы
35.3 C
Шымкент

Коронавирусқа қарсы вакцина алу оразаны бұзбайды

Коронавирусқа қарсы вакцина салдыру оразаны бұзбайды. Бұл туралы Санитариялық — эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады.
Санитариялық — эпидемиологиялық бақылау комитетіне қасиетті Рамазан айында ораза ұстауды жоспарлап отырған мұсылман қауымынан екпе жайында бірқатар сұрақтар келіп түсті. Олардың басым бөлігі коронавирусқа қарсы вакцинация оразаны бұзатындығына не бұзбайтындығында болып отыр. Бұл сауалдарға дін қызметкерлері жауап берген.
«Егер белгілі бір заттың ас қорыту жүйесіне ауыз, мұрын сияқты табиғи саңылаулар арқылы енсе, ораза бұзылатындығын хабарлады. Инъекциялар кезінде және коронавирустық вакцинаны енгізу аталған жағдайларға жатпайды. Сондықтан COVID-19-ға қарсы вакцинаны қабылдау оразаны бұзбайды» делінген дін қызметкерлері.

Сондай-ақ, мешіт қызметкерлері емдеу мақсатында қолданылатын инъекцияларға рұқсат етілгенін (дәрумендер мен қоректік қасиеті бар инъекциялар жатпайды) мәлімдеген.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар