Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердымұхамедовпен бейресми кездесу өткізеді. Кездесу 21–22 сәуір күндері Түркістан қаласында өтеді, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.
«21–22 сәуір күндері Түркістан қаласында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердымұхамедовтің бейресми кездесуі өтеді», – делінген хабарламада.
Келіссөз барысында тараптар екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайту перспективаларын және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылайды.