-0 C
Нур-Султан
14 C
Алматы
16.3 C
Шымкент
-0 C
Нур-Султан
14 C
Алматы
16.3 C
Шымкент

Дариға Назарбаева және басқа да белгілі бизнесмендер мен саясаткерлер «Астана Опера» театрының Қамқоршылық кеңесінен шығарылмақ

Үкімет «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының Қамқоршылық кеңесінің құрамын өзгерту туралы бастама көтерді.

Тиісті қаулы жобасын Мәдениет және ақпарат министрлігі «Ашық НҚА» порталында жариялады.

Өзгерістер кадрлық ауыс-түйістерге байланысты енгізілмек. Құжатта кейбір кеңес мүшелері бұдан былай аталған қаулыда көрсетілген лауазымдарды атқармайтыны айтылған, сондықтан кеңес құрамын жаңарту қажеттілігі туындаған.

«Қамқоршылық кеңес құрамын өзекті кадрлық құрылымға сәйкестендіру қажеттілігіне байланысты өзгерістер енгізілуде», – делінген қаулы жобасының негіздемесінде.

Қамқоршылық кеңестен кімдер шығарылмақ:
Дариға Назарбаева – Мәжілістің бұрынғы депутаты;
Тимур Құлыбаев – «Атамекен» ҰКП президиумының бұрынғы төрағасы;
Алмасадам Сәтқалиев – «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы (қазіргі уақытта ҚР Энергетика министрі);
Александр Машкевич – ERG S.a.r.l. менеджерлер кеңесінің төрағасы;
Патох Шодиев – ERG S.a.r.l. менеджерлер кеңесінің мүшесі;
Кенес Рақышев – «Fincraft Resources» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы;
Нұрлан Смағұлов – «Astana Group» холдингінің президенті;
Лучано Васкес – ENI S.p.A. компаниясының Орталық Азиядағы филиалының басшысы.
Жаңартылған құрамға кімдер кірді:
Аида Балаева – ҚР Мәдениет және ақпарат министрі;
Жеңіс Қасымбек – Астана әкімі;
Александр Совостьянов – «Астана Опера» театрының директоры (келісім бойынша);
Бахаридин Аблазимов – «ҚазАзот» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы;
Райымбек Баталов – «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының міндетін атқарушы;
Нұрлан Жақыпов – «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы;
Шухрат Ибрагимов – ERG S.a.r.l. директорлар кеңесінің төрағасы, бас атқарушы директор;
Сегер Хойтинк – Agip Karachaganak B.V. компаниясының төрағасы және басқарушы директоры.
Қаулы жобасы 3 сәуірге дейін қоғамдық талқылауда болады.

Фото: Getty Images

 

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар