-12 C
Нур-Султан
-5.1 C
Алматы
3.3 C
Шымкент
-12 C
Нур-Султан
-5.1 C
Алматы
3.3 C
Шымкент

Трамп Украинаға берілетін барлық әскери көмекті тоқтатты

АҚШ президенті Дональд Трамп Украинаға көрсетілетін бүкіл әскери көмекті ел басшылығы «бейбітшілікке бейілділігін» көрсеткенге дейін тоқтатуды тапсырды. Бұл туралы Bloomberg агенттігі хабарлады.

«Президент өз мақсаттарының бейбітшілікке бағытталғанын анық көрсетті. Бізге серіктестеріміздің де осы мақсатқа бейілді болғаны қажет. Біз көмекті уақытша тоқтатып, оны қайта қарастырамыз, яғни мәселені шешуге ықпал ететініне көз жеткізу үшін», – деп мәлімдеді Ақ үйдің ресми өкілі, оның сөзін әлемдік ақпарат агенттіктері мен америкалық БАҚ келтірді.

Көмектің тоқтатылуы Трамптың Украина президенті Владимир Зеленскиймен Ақ үйдегі кездесуінен кейін көп ұзамай орын алды.

Бұл шешімнің орындалуын бақылау Пентагон басшысы Пит Хегсетке жүктелді. Бұл мәселеге қатысты Трамптың ресми мәлімдемесі әлі жарияланған жоқ.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар