14 C
Нур-Султан
14 C
Алматы
15.3 C
Шымкент
14 C
Нур-Султан
14 C
Алматы
15.3 C
Шымкент

ҚАЗАҚСТАН УКРАИНАНЫҢ 4 ОБЛЫСЫНДА ӨТЕТІН РЕФЕРЕНДУМДЫ МОЙЫНДАМАЙДЫ

Қазақстанның  сыртқы істер министрлігі ЛХР,ДХР, Запорожье мен Херсон облыстарындағы референдумдарға қатысты түсініктеме берді.

«Қазақстан мемлекеттердің аумақтық тұтастығы, олардың егемендік теңдігі және бейбіт қатар өмір сүру қағидаттарын негізге алады»

Ведомствоның ресми өкілі Айбек Смадияров Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бірнеше рет, оның ішінде БҰҰ мінберінен жақында ғана сөйлеген сөзінде осы дүниежүзілік әмбебап ұйымның жарғысына негізделген халықаралық құқық қағидатын бұлжытпай сақтаудың маңыздылығы туралы мәлімдегенін еске салды.

«жарғыда бұұ-ға мүше елдердің бейбітшілік пен мемлекеттердің аумақтық тұтастығын сақтау жауапкершілігі туралы айтылады. біз саяси диалог орнату үшін жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенімізді тағы да растаймыз»

Бұл ретте Қазақстан тұрақтылықты өңірлік әрі жаһандық деңгейде сақтауды аса маңызды міндет деп санайды.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар