25 C
Нур-Султан
33 C
Алматы
35.3 C
Шымкент
25 C
Нур-Султан
33 C
Алматы
35.3 C
Шымкент

АРМЕНИЯ-ӘЗЕРБАЙЖАН АРАСЫНДА ТАҒЫ ДА ҚАҚТЫҒЫС

3 тамыз таңертең Лашын ауданы маңында Армения қарулы құрылымдары Әзербайжан әскерилеріне қарай оқ атқан. Атыс салдарынан әзербайжандық мерзімді әскери қызметші Казимов Анар Рустамоглы оқ жарақат алып, артынша қаза тапты.

Әзербайжан қарулы күштері де қарап қалмады, атысқа қарсы операция жүргізіп, бірнеше соққы жасады. Әскери операция барысында артиллериялық батальоны және армян қарулы құрамаларының бір посты жойылғаны хабарланды. Армян қарулы күштерінде адам шығыны мен жарақат алғандар бар.

Қазір қақтығыс болған аймақта мобилизация жарияланды. Әзербайжан Лашын аумағын өз бақылауына қайтаруды талап етуде. Ал бұл Арменияның Қарабахқа өтетін жалғыз аймағы боп саналады.

Әзірге бір адамның өліміне алып келген қақтығыс  шұғыл шешілмесе кезекті соғысқа ұласуы мүмкін деп саяси сарапшылар қауіптеніп отыр.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар