21 C
Нур-Султан
22 C
Алматы
26.3 C
Шымкент
21 C
Нур-Султан
22 C
Алматы
26.3 C
Шымкент

«БОЛАТ НАЗАРБАЕВТА БӘРІ ЖАҚСЫ»

Болат Назарбаевтың туыстары оның өліміне қатысты мәліметке жауап қатты.

Бұған дейін әлеуметтік желі мен мессенджерде Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі көмей ісігімен ұзақ уақыт күресіп, 69 жасында Алматы ауруханасында қайтыс болғаны туралы мәлімет тараған еді. Дереккөз оның қызы Гүлмира Әбішеваға сілтеме жасап, әкесінің өлімін растағанын жазған еді.

«Бәрі жақсы, оның жағдайы оңалып келеді. Мұның барлығы қауесет»,-деді Болат Назарбаевтың туыстары AR сайтына берген сұхбатында.

Сондай-ақ Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Болат Назарбаевтың өлімі туралы мәлімет түспегенін жеткізді.

Бұған дейін Болат Назарбаевтың қатты сырқаттанып жатқаны хабарланып, оның мүгедектер арбасына таңылған фотосы тараған еді.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар