12 C
Нур-Султан
18 C
Алматы
22.3 C
Шымкент
12 C
Нур-Султан
18 C
Алматы
22.3 C
Шымкент

БАЙДЕН: «ПУТИН-ӘСКЕРИ ҚЫЛМЫСКЕР»

Джо Байден бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбатында Путинді «әскери қылмыскер» деп санайтынын мәлімдеді.  Бұл сөзге Президент Путин үндемегенмен, оның баспасөз хатшысы Песков жылдам реакция берді. Ол: «Мұндай риториканы кешіруге және жол беруге болмайды деп санаймыз» деді.

Бұған дейін де Байден «Путин-өлтіруші ме?» деген журналистің сұрағына «иә» деп жауап берген болатын.

Жақында АҚШ сенаты арнайы резолюция қабылдап, онда да Путинді әскери қылмыскер деп атаған еді.

Ал БҰҰ Халықаралық соты 16 наурызда Ресей билігі Украинадағы соғысты тоқтатуы тиіс деген қаулы шығарды. Сот сонымен бірге Ресей мен Киевтен қақтығысты ушықтыруы мүмкін қадамдарға бармауды талап етті.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар