-9 C
Нур-Султан
3 C
Алматы
8.3 C
Шымкент
-9 C
Нур-Султан
3 C
Алматы
8.3 C
Шымкент

Австралия мен Жаңа Зеландия Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізді

Австралия мен Жаңа Зеландия Ресейдің Украинаға кең ауқымды басып кіруінің үшінші жылдығына орай Ресейдің жеке және заңды тұлғаларына жаңа санкциялар енгізді.

Австралия 70 ресейлік азаматқа жеке санкция, ал 79 ресейлік компанияға қаржылық шектеу шараларын жариялады.

Австралияның сыртқы істер министрі Пенни Вонгтың түсіндіруінше, санкциялар Ресей басып алған Украина аумағындағы оккупациялық билік өкілдеріне, әскери-өнеркәсіптік, көлік және қаржы компанияларына, сондай-ақ Ресей мен Солтүстік Корея арасындағы әскери ынтымақтастыққа қатысы бар деп танылған фирмалар мен тұлғаларға қарсы бағытталған.

Жаңа Зеландияның сыртқы істер министрі Уинстон Питерс 52 ресейлік тұлға мен компанияға санкция енгізілгенін мәлімдеді.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар