11 C
Нур-Султан
13 C
Алматы
17.3 C
Шымкент
11 C
Нур-Султан
13 C
Алматы
17.3 C
Шымкент

Тоқаев Иманбек Зейкеновті құттықтады

Президент Тоқаев Grammy сыйлығын жеңіп алған Иманбек Зейкеновті жеңісімен құттықтады. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық Иманбек Зейкеновке аса беделді Grammy музыкалық сыйлығының табыс етілуі жөніндегі жаңалықты зор қуанышпен қабылдады.
Өзінің таланты мен мақсат қоя білуінің арқасында диджей Imanbek әлемдік шоу-бизнестің басты сыйлықтарының бірін иеленді. Оның шығармашылығы қазақстандық жастардың да ең биік шыңдарды бағындыра алатынын дәлелдеді» делінген президенттің баспаөз қызметі таратқан ақпаратта.
Қазақстандық диджей Imanbek — Иманбек Зейкенов Grammy сыйлығын жеңіп алды. Оның америкалық рэпер Saint Jhn-ның «Roses» композициясына жасаған ремиксі үздік деп танылған.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар