-7 C
Нур-Султан
-6.1 C
Алматы
0.3 C
Шымкент
-7 C
Нур-Султан
-6.1 C
Алматы
0.3 C
Шымкент

АЭС-ті Ресей мен Қытай салуы мүмкін

Президент Тоқаев Қазақстанда салынуы жоспарланып отырған АЭС құрылысына Ресей, Қытай және батыс елдерінің бірі қатысуы мүмкін екенін айтты.

Владимир Путиннің Астанаға сапары кезінде бұл мәселе де талқыланды. Жобаға тапсырыс беруші ретінде Қазақстан жағы Консорциумда бас оператор болады деп уағдаластық. Атом стансаларын салуға байланысты шетелдерде тәжірибесі мол, білігі жоғары «Росатом» компаниясының жобаға қатысуы мүмкін екені айтылды. Сондай-ақ Қытайдың азаматтық мақсатта қолданылатын ядролық нысандар салу ісіндегі зор жетістіктері ескеріле отырып, осы елдің компаниясымен де келіссөз жүргізіліп жатыр. Жобаға басқа да мемлекеттердің, оның ішінде Батыс елдерінің корпорациялары қызығушылық танытып отыр, – деді президент Тоқаев.

Президенттің сөзіне қарағанда, Қазақстандағы АЭС құрлысын салуға Ресей, Қытай және батыс елдерінің бірі қатысатын сыңайлы.

Былтыры АЭС салу бойынша жалпыхалықтық референдум өтіп, дауыс берушілердің 71,12 пайызы АЭС салуды жақтаған еді.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар