-11 C
Нур-Султан
-6.1 C
Алматы
3.3 C
Шымкент

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Украина бойынша АҚШ-тың «бейтарап» қарарын қабылдады

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Ресейдің Украинаға кең ауқымды басып кіруінің үшінші жылдығында АҚШ ұсынған қарарды мақұлдады. Қарар мәтіні Вашингтонның бұл соғысқа қатысты ұстанымының өзгергенін көрсетеді: қысқа мәтінде Ресей агрессиясы айыпталмайды, тек бейбітшілікке шақыру ғана бар.

Бұл үш абзацтан тұратын құжатқа АҚШ пен Қауіпсіздік Кеңесінің тағы сегіз мүшесімен бірге Ресейдің өзі де дауыс берді. Бес ел, соның ішінде Франция мен Ұлыбритания, қалыс қалды.

Бұған дейін бірнеше сағат бұрын БҰҰ Бас Ассамблеясы Украина бойынша екі қарар қабылдаған болатын, оның ішінде АҚШ ұсынған, бірақ толықтырылған нұсқа да бар.

Бірінші, үш беттік қарарды Украина ұсынып, еуропалық елдер қолдады. Онда Ресейдің кең ауқымды басқыншылығы «тек Украинаға ғана емес, басқа аймақтарға да және бүкіл әлем тұрақтылығына да күйреткіш салдар әкелетіні» айтылған.

Сондай-ақ, бұл құжатта Украинаның тәуелсіздігін сақтау, аумақтық тұтастығын қалпына келтіру және халықаралық құқық бұзушылықтары үшін жауапқа тарту қажеттігі көрсетілген.

Екінші, АҚШ-тың қарарына ЕО елдері Ресейдің соғысты бастағанын еске салатын толықтырулар енгізді.

Нәтижесінде АҚШ БҰҰ Бас Ассамблеясында өздерінің өзгертілген қарары бойынша қалыс қалып, ал Украина ұсынған қарарға қарсы дауыс берді.

Ал Қауіпсіздік Кеңесі АҚШ-тың бастапқы мәтінін қабылдады.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар