Евразиялық экономикалық одақ елдері өзара рубльмен есеп айырысады. Бұл туралы Ресейдің экономикалық даму министрі Максим Решетников айтты.
«ЕАЭО өзара рубльмен есептеседі, шетел валютасында емес. Бұл Ресей үшін өте маңызды», – деді ол евразиялық экономикалық комиссияның отырысынан кейінгі брифингте.
Белсенді саясаткер, экономист Мұхтар Тайжан ЕАЭО-ның өзара рубльмен есептесуі Қазақстан үшін тиімсіз екенін әлеуметтік желіде мәлімдеді.