-16 C
Нур-Султан
-15.1 C
Алматы
-11.7 C
Шымкент
-16 C
Нур-Султан
-15.1 C
Алматы
-11.7 C
Шымкент

ҚАЗАҚСТАН ШЕТЕЛ ПАСПОРТЫ ЖОҚ МИГРАНТТАРДЫҢ ТҰРАҚТАП ҚАЛУЫНА ТЫЙЫМ САЛУЫ МҮМКІН

Ішкі істер министрлігі  «шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстанда уақытша немесе тұрақты тұруға рұқсат беру қағидаларын» өзгертуді ұсынып отыр.  Қағида жобасы «Ашық үкімет» сайтында жарияланды.

Ұсынылған өзгерісте ұлттық паспорт орнына шетелдік паспорт деп жазылады, өйткені «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» заңның 1 бабының 13-тармағы бойынша «шетелдік паспорт – шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын және олардың құқықтық мәртебесін растайтын құжат ретінде Қазақстан Республикасы танитын құжат» болып саналады.

Заң жобасы  Ресейде жасалған мобилизациядан кейін, Ресей азаматтары Қазақстанға жаппай қаша бастаған соң бес күннен кейін, яғни, 26 қыркүйекте көпшілік талқысына шығарылған. Заң жобасы әлі он бес күн, яғни, 10 қазанға дейін талқыланады.

Pasportist порталының мәліметі бойынша 2022 жылғы статитистикада Ресей азаматтарының 30 пайызында ғана шетелдік паспорт бар екенін көрсеткен.

Мұнан өзге құжатқа соттылығы бар, я жоқ екені туралы құжат қағаз жүзінде берілуге тиіс деген өзгеріс енгізіледі. Оған құзырлы органның өкілетті қызметкері қол қойып, мекеменің мөрі басылуы қажет.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар