14 C
Нур-Султан
15 C
Алматы
14.3 C
Шымкент
14 C
Нур-Султан
15 C
Алматы
14.3 C
Шымкент

Саяси дамудың шынайы көрінісі

Мұрат Жұрынов,

Ғалым, Ұлттық ғылым академиясының президенті

«Президент сайлауының мерзімінен бұрын өтуін қос қолымды көтеріп қолдаймын. Бұл да бір үлкен саяси өзгерістің бастауы болмақ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен таныс адам ретінде айтарым, ол көп қызмет еткен, шын көңілімен еліме болсын дейтін жан. Сайлауды ерте өткізу туралы шешімді тереңнен ойлап, ұзақ толғанып барып қабылдағаны анық. Әйтпесе ол кісі 2019 жылы 5 жылдық мерзімге сайланған болатын. Яғни, мерзімі 2024 жылы бітетін, әлі 2 жылы бар еді. Соған қарамастан, биліктен бұрын саяси реформаларды, халықтың дамуын бірінші орынға қойып, өзінің 2 жыл мерзімін шектеп, тәуекелге барып отыр.
Бұл сайлаудан кейін билік басына келген президенттер 2 рет сайлана алмайды. Міне, саяси дамудың бірден-бір белгісі – осы. Мемлекет қазір адам еркіндігіне, хақына көп көңіл бөлуде. Жыл сайын дамыған Батыс елдерінің саяси формасына жақындап келеміз. Халқымыз осы құндылықтардың бәрін сезінуі тиіс. Бұл кезеңдерді еңсеріп кете алсақ, алдағы уақытта мемлекетіміз іргесі берік, халқы біртұтас ұлысқа айналарымыз сөзсіз. Дамудың даңғыл жолынан жаңылмай, алға қадам баса бергеніміз абзал».

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар