-6 C
Нур-Султан
-0.1 C
Алматы
14.3 C
Шымкент
-6 C
Нур-Султан
-0.1 C
Алматы
14.3 C
Шымкент

ҚМДБ балаларға аяғын уқалатқан имамға қатысты түсінік берді

Бұған дейін әлеуметтік желіде балалардың мешіт имамының аяғын уқалап отырған видеосы тараған болатын. Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы аталған жайтқа қатысты түсінік берді.

«Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы мешітте болған оқиға әлеуметтік желілерде тарап, қоғамның түрлі пікір қайшылығын тудырды. Осыған орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қасиетті орында қоғам наразылығын тудырған әрекетке жол бергені үшін мешіт имамына ескерту жасады», — деді ҚМДБ.

Сондай-ақ Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздегі барша мұсылман жамағатын құлшылық үйлерінде дауыс көтеріп сөйлемеуге, әдепсіз әрекеттерге жол бермеуге, ұрыс-керіс жасамауға шақырып, жамағатты барынша мешіт әдебін сақтауға үндейтіндерін мәлімдеді.

Мешіт – құлшылық үйі, жамағат жиналатын рухани орда, қасиетті мекен, тәрбие орны. Құлшылық үйіне келген адам мешіт әдебін сақтауы тиіс. Бұл – мұсылманның көркем мінезінің бір.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар