14 C
Нур-Султан
14 C
Алматы
12.3 C
Шымкент
14 C
Нур-Султан
14 C
Алматы
12.3 C
Шымкент

Respublica партиясы Руслан Берденовке жасалған шабуылға байланысты үндеу жасады

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған шабуылға байланысты Respublica партиясы ресми ұстанымын білдірді.

Respublica партиясы орын алған оқиғаға байланысты өкініш білдіретіндерін және партияластары Руслан Арысбекұлы Берденовке тез арада сауығып кетуін тіледі.

«Оқиғаның мән-жайына қатысты біз де барша жұртшылық сияқты құзырлы органдардың ресми түсініктемесін күтеміз. Тергеу барысына араласу ретінде қабылдануы мүмкін кез келген алдын ала пікір білдіруден біз аулақпыз. Біз тергеу мен сот процестері әділ де объективті өтетініне сенімдіміз», — делінген үндеуде.

Respublica партиясы кез келген даулы жағдай заң аясында шешілуі тиіс деп есептейді.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар