14 C
Нур-Султан
16 C
Алматы
18.3 C
Шымкент
14 C
Нур-Султан
16 C
Алматы
18.3 C
Шымкент

Cу басқан үш өңірде жол қозғалысы шектелді

Бүгін таңғы 08:00 жағдай бойынша еріген қар сулардың салдарынан 3 облыстағы 3 республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды. Бұл туралы Қазавтожол мәлім етті.

Ақтөбе облысында «Қандыағаш — Ембі- Шалқар — Ырғыз» автожолының 3-92 шақырым аралығы (Қандыағаш қаласы — Ембі қаласы) жабылды.

Қостанай облысында Қазақстан мен Ресей арасындағы бейтарап территориядағы Мариновка ауылына жақын аймақта (РФ шекарасы) жол қозғалысы щектелді.

Солтүстік Қазақстан облысында «Петропавл қаласының айналма жолы» автожолының 4-7 шақырымы аралығында (Қожаберген жырау айналма жолынан Есіл өзені арқылы өтетін көпірге дейін) жол жабық.

Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 45 арнайы техника мен 57 маман жұмылдырылды.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар