-4 C
Нур-Султан
-7.1 C
Алматы
4.3 C
Шымкент
-4 C
Нур-Султан
-7.1 C
Алматы
4.3 C
Шымкент

Қырғыздар тектеріндегі «-ов», «-ев» жұрнақтарынан бас тартуда

Қырғызстанда өз тамырына оралу үрдісі белең алып, тұрғындар тектерінен кеңестік дәуірден қалған «-ов», «-ев» жұрнақтарын жаппай алып тастауда.

Kaktus Media-ның жазуынша, бұл бастаманы елдің депутаттары қолдаған.

Заң жобасында тегі мен әке атын жазудың жаңа нұсқалары қарастырылған.

Мәселен, баланың тегін атасының атына байланысты жазған кезде, ұл балаларға «уулу», қыз балаларға «кызы» сөзі қосылады.

Ал атасының атына «теги» сөзін қосып жазғанда, әке атына ұл балалар үшін «дын/тын», «дин/тин», «дүн/түн» жалғаулары, қыз балалар үшін «дан/тан», «ден/тен», «дөн/төн» жалғаулары жалғанады.

Айта кету керек, Қырғызстан азаматтары бұл өзгерістерді қосымша бюрократиялық кедергілерсіз, жеңілдетілген тәртіппен енгізе алады.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар