-4 C
Нур-Султан
-7.1 C
Алматы
4.3 C
Шымкент
-4 C
Нур-Султан
-7.1 C
Алматы
4.3 C
Шымкент

Алматы облысында жол апатынан үш адам көз жұмды

4 ақпанда Алматы-Бішкек тас жолының 102-шақырымында қайғылы жол-көлік оқиғасы орын алды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, Chevrolet Cobalt жүргізушісі жолдың қарсы бағытына шығып, Hyundai Elantra көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан екі жүргізуші мен Hyundai Elantra жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Chevrolet Cobalt көлігінің тағы бір жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу жүргізілуде.

Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жылдамдық режимін бұзбауға және жолда аса мұқият болуға шақырады.

 

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар