Алматыда еліміздегі алғашқы қар ерітетін пункт ашылды, бұл «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын жүзеге асырудағы маңызды қадам.
Қарды ерітудің бірегей технологиясы көшелерді қар жауған кезде тезірек тазалауға ғана емес, сонымен қатар, экологияға келетін зиянды азайтуға көмектеседі.
Бұрын көшеден жиналған қар топырақты ластаса, енді ақ ұлпа қалалық кәріз жүйесінен шыққан жылы ағынды суды пайдалану арқылы ерітіледі.
Қазақ автомобиль-жол институтының (ҚазАЖИ) студенттері қарды кәдеге жаратудың инновациялық әдістерімен танысты. Университет ректоры Дәурен Есентай бұл білім олардың болашақ кәсіби қызметінде пайдалы болатынын атады.
Іске қосылған сәттен бастап 24,4 мың текше метр қар ерітілді, бұл мегаполистегі экологиялық жағдайды айтарлықтай жақсартады.